Сарыарқа ауданы әкімінің есептік кездесуіне 3 мыңнан астам тұрғын қатысты
Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек тұрғындарға есеп беру кездесулерінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аудан басшысы 9 есеп беру кездесуін өткізді. Олардың барлығы онлайн режимінде өткізілді.
«Өткен жылмен салыстырғанда, есеп беру кездесуіне қатысқан тұрғындардың саны айтарлықтай артқан. Былтыр 8 кездесуге барлығы 2300 адам қатысса, биыл аталмыш көрсеткіш 3002 адамды құрады. Ал қойылған сұрақтар мен айтылған өтініштер санына келсек, керісінше, олардың саны азайып отыр (былтыр 275, осы жылы 221 сұрақ келіп түсті). Бұл – өте қуантарлық жағдай. Біздің тұрғындармен табысты ынтымақтастығымыз – өткен жылдың маңызды қорытындыларының бірі. Соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тиімді қарым-қатынас орнатылғанын атап өтуіміз керек. Соның нәтижесі биыл халықпен кездесу кезінде де сезілді», - деп жазды Арман Тұрлыбек өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz