«Алматы» ауданында 13 жаңа спорттық workout-алаңы пайда болады
«Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев бүгін халыққа есеп беру кездесуінде аула аумақтарын абаттандыруға қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Әділбек Сәрсембаевтың айтуына қарағанда, өткен жылы аудандағы 400 ауланың 235-і абаттандырылған. Осылайша, қазіргі таңда аула аумақтарының 84% - дан астамы жақсы күйде.
«2019 жылы қалған 37 ауланы абаттандыру және 45 спорттық алаңды жөндеу көзделген. Одан бөлек 13 жаңа спорттық workout-алаңы пайда болады», – деп мәлімдеді аудан әкімі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz