«Есіл» ауданының әкімі тұрғындардың демалысын ұйымдастыру туралы айтты
Аудан тұрғындары мен жастардың демалысын ұйымдастыру аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін «Есіл» ауданында 16 мәдениет, 11 спорт нысаны мен 4 аула клубы бар.
«Балалар, жасөспірімдер, ересектер, зейнеткерлер арасында тұрақты негізде футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі және ұлттық спорт түрлерінен іс-шаралар өткізіледі. Жаз мезгілінде командалардың жаттығулары ашық спорт алаңдарында ұйымдастырылады. Қыс мезгілінде мұз айдындар құйылып, мұз айдындары мен қалашықтары тұрғызылады», – деп хабарлады тұрғындарға есеп беру кездесуі барысында «Есіл» ауданының әкімі Төлеген Закарьянов.
Қала әкімінің бастамасымен «Astana winterland» тұжырымдамасы аясында алғаш рет мұз мүсіндерінің халықаралық конкурсы өткізілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz