4515

Астанада шала туған балаларды оңалтудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды

Астанадағы № 2 көпбейінді ауруxанада Қазақстандағы тұңғыш катамнеза бөлімі ашылды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Катамнестикалық бақылау – қауіп тобындағы нәрестелерге медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа, неғұрлым тиімді нысаны.

«Мен мұны бірегей бөлімше деп айтар едім. Қазақстанда алғаш рет катамнез және оңалту стационарлық бөлімшесі ашылады. Катамнез туған кезде белгілі бір патологиясы бар балаларды бақылау мен емдеуді білдіреді. Бірінші кезекте бұл аз салмақты және шала туған балалар тобына қатысты.

Балалардың екінші тобына жетіліп туылған, бірақ неврологиялық, ортопедиялық, жүрек-қантамыр және басқа да патологияға шалдыққан сәбилер кіреді. Бұл балалар өз бетінше тамақтана алмайды, басын ұстамайды, жүре алмайды, мұның бәрі мамандандырылған емдеуді қажет етеді», – деді №2 аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Бөлімше меңгерушісі Лаура Кандалакованың айтуынша, катамнез бөлімшесі туғаннан бір жасқа дейінгі балаларды бақылауға және оңалтуға арналған. «Біздің бөлімше күндізгі стационар ретінде жұмыс істейтін болады: анасы бар бала келеді, екі-үш сағат ішінде барлық процедураларды алып, үйіне кетеді.

Бірақ, егер олар қандай да бір себептермен үйлеріне бара алмаса, бізде бұл жағдайға екі орындық палата және медбике бекеті бар», - деп түсіндірді меңгеруші.

Бөлімшеде педиатр, реабилитолог, невролог, хирург, УДЗ дәрігері жұмыс істейді. Әрбір бала үшін емдік және оңалтудың жеке бағдарламасы қарастырылады. Оған ЕДШ, физиотерапия және массаж түрлері кіреді.

Сонымен қатар, мамандар аналарға үйде балаларды күту және оларға қалай қарайлау керектігін үйретеді.

Бөлімшенің барлық мамандары Санкт-Петербургте оқудан өтті.

«Біздің көмегімізді қажет ететін балалардың барлық контингентін қамтуға тырысамыз», - деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109