Есіл ауданында жылы аялдамалар саны артады
Бүгінгі таңда ауданда 344 аялдама пункті бар, олардың 231-і желден қорғайтын павильондармен және 26 аялдама павильондарымен жабдықталған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен жабық үлгідегі 13 павильон орнатылды. Инвесторлар есебінен қосымша 4 жабық аялдама павильоны орнатылды, оның 2-еуі азаматтарға ыңғайлы, онда шағын маркеттер мен санитарлық тораптар және 2 желден қорғайтын павильон орналасқан.
«Қосымша инвестормен заманауи 25 жабық аялдама павильонын орнату туралы алдын ала келісімге жасалды», – деді аудан әкімі Төлеген Закарьянов халыққа есеп беру кезінде.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz