4154

«Астана-Бизнес 2» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиеге 1,5 миллиард теңге бөлінген

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы  өңірлік «Даму» кәсіпкерлік қорымен бірлесіп жергілікті бағдарлама есебінен жеңілдікпен кредит беруді жалғастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында белгілі болғандай, осыған дейін жүзеге асырылған барлық («Астана Бизнес», «Астана Service», «Astana Retail», «Astana ZhasStarT», «Astana Startup») бағдарламалар бір «Астана Бизнес 2» бағдарламасына топтастырылған. Оны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінген, оның 500 млн теңгесін әкімдік, ал 1 млрд теңгені «Даму» қоры бөлген.

Бұл бағдарламада салалық шектеулер жоқ. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге берілетін кредиттік сома – 50 млн. теңге; ал жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік иесіне – 100 млн. теңге қарастырылған. Қаржыландыру мерзімі – 7 жыл, ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5%. Қаржыландыру мақсаты – инвестиция және айналым қаражатын толықтыру», – деп хабарлады Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.  

Қазіргі кезде қаражат Қазақстан Халық Банкі, ВТБ және Сбербанкке орналастырылған.

Қаржылай қолдау алуға мүдделі кәсіпкерлер төмендегі мекенжай бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласа алады: Мәңгілік ел к-сі, 55а, сондай-ақ call-орталығына 1408 (тегін қоңырау шалу).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109