Астанада елорда тұрғындарын қабылдау өтті
«Астана» концерт залында қалалық басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері елорда тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалықтарды қалалық әкімдік басқармалары, аудандық әкімдіктер, қаланың тазалығына жауап беретін кәсіпорындар, коммуналдық, көлік қызметтері, ТЖД қызметтерінің өкілдері қабылдады.
Кездесу барысында астаналықтар инфрақұрылымды дамытуға, экологияға, жолдарды бағдаршам нысандарымен, жол белгілерімен жабдықтауға қатысты сұрақтар қойды. Мысалы, № 61 мектеп оқушыларының ата-аналары мектеп аумағына қосымша кіруді ұйымдастыруға қатысты өтініш білдірді.
«Мектеп аумағы қоршалған. Балалар мектеп аумағына тек бір жақтан кіре алады. Мектепке кіруі үшін олар аумақтың барлығын айналып өтеді. Біз кем дегенде екі есіктің болғанын қалаймыз», – дейді ата-аналар.
Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков бұл мәселе көктемгі-жазғы кезеңде шешілетіндігін хабарлады.
«Мәселе күрделі емес. Біз мектеп басшылығымен келіссөздер жүргіземіз. Менің ойымша, қар еріген соң біз мектеп аумағына қосымша кіру жағын қарастырамыз», – деді ол.
Әрбір өтініш бойынша мемлекеттік органдар тиісті түсініктеме берді. Проблемалық мәселелердің көпшілігі сол жерде шешілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz