Астанада көп балалы аналар ассоциациясын құру ұсынылды
Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Біз жаңа құрамда боламыз ба, болмаймыз ба, бірақ біз қаламыздағы көп балалы отбасылардың барлық мәселелерін бірлесіп шешу үшін көп балалы аналар қоғамын немесе ассоциациясын құрғымыз келеді. Маған осы дұрыс сияқты көрінеді. Жақын арада бұл істі аяғына дейін жеткіземіз»,- деді Сансызбай Есілов.
«Үкіметте осы мәселелермен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Көп балалы отбасылар үшін бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін шешу керектігімен біз 100 пайыз келісеміз де, қолдаймыз да. Бұл адамдардың материалдық жағдайы онсызда төмен, оның үстіне олар жалдамалы үйге 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін төлем төлейді. Олар жеке жеңілдік тобына кіруі керек деп ойлаймын», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы.
Спикердің айтуынша, «Қоғамдық кеңес қала әкімдіктерінің атқарған жұмыстарын және үкіметтің берген тапсырмаларының жүзеге асуын қадағалап, осы мәселелермен нақты айналысу керек. Біз осыны Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына ұсынамыз», – дейді ол.
Астананың Қоғамдық кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттілігі ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін жалғасады. Ақпанның 6-нан 19-на дейін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен Қоғамдық кеңестің мүшелерін таңдау конкурсына құжаттарды қабылдау жүреді. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес кеңес қалалық мәслихатпен азаматтық қоғам және мемлекеттік органдары өкілдерінен үш жыл мерзімге қалыптастырылады. Қоғамдық кеңес құрамында кемінде үштен екісін азаматтық қоғам өкілдері мен қала халқының өкілдері құрауы керек, атқарушы билік органдарының өкілдері 30% аспауы тиіс.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz