4496

Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Елорда әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Нұрлан Нұркенов тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің орынбасары ішкі саясат, жастар саясаты мен ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелерге жауапты болады.

Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы – Целиноград қаласында 1976 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы «Шамшырақ» ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын.

2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2006-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды.

2010 жылы Астанадағы «Мөлдір су» ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды.

2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды.

2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

«Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегi үшiн» төсбелгілерімен марапатталған.

Үйленген, төрт баланы тәрбиелеуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109