2203

Халықаралық ана тілі күніне орай дөңгелек үстел өтті

Достық үйінде Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 2000 жылдан бастап аталып өтіледі.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович, ҚР-дағы Беларусь Елшілігінің консулы Игорь Иванов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шығармашылық интеллигенция, музыкалық ұжымдар мен жастар қатысты.

«Біздің мемлекет азаматтарының қолданысындағы ұлттық тілдерді еліміздің мәдени байлығының бір бөлігі, оларды материалдық, әлеуметтік және құқықтық қорғауына кепілдік береді, әрбір азаматтың қарым-қатынас тілін,  оқу және тәрбиелеуін еркін таңдау құқықтарын іске асыруын қамтамасыз етеді», – деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрал Айдашев жиынды аша отырып.

Бүгін қазақ және орыс тілдерімен қатар, Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлттардың тілдері де еркін дамып келеді. Республикада  23 ұлттың тілі оқытылатын 178 жексенбілік, этномәдени мектеп жұмыс істейді. 11 ұлттың тілінде газет-журналдар басылып, теле және радио хабарлары эфирге шығады. Олардың арасында украин, поляк, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген, өзбек тілдері бар.

«Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Біздің елде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысының қайталанбас рухани және материалдық мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бар.  Қазақстанда тұратын барлық халықтар тең құқылы, өйткені біздің президентіміз Н.Назарбаев жүргізіп отырған ұлттық саясат азаматтарға ана тілі мен ұлттық мәдениетін толық дамытуға мүмкіншілік береді», – деп атап өтті Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович.

Өз кезегінде ҚР-дағы Беларусь елшілігінің консулы Игорь Иванов дөңгелек үстелге қатысушыларды Халықаралық ана тілі күнімен құттықтап, белгілі тұлғалардың ана тілі туралы айтылған сөздерін келтіре отырып, жиналғандарды мәдени мұраны сақтауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109