1770

Астанаға Густав Русси атындағы Онкология институтының француз делегациясы келді

Бүгін Астанаға әйгілі Густав Русси атындағы Онкология институтының мамандары келді. Астана қаласының онкологиялық диспансері мен Густав Русси атындағы онкология институты арасында 2014-2016 жылдарға арналған стратегиялық әріптестік тұжырымдамасы әзірленді.

Бүгін Астанаға әйгілі Густав Русси атындағы Онкология институтының мамандары келді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Астана қаласының онкологиялық диспансері мен Густав Русси атындағы онкология институты арасында 2014-2016 жылдарға арналған стратегиялық әріптестік тұжырымдамасы әзірленді. Бірлескен құжаттың жоспарына сәйкес, Густав Русси атындағы Онкология институты бас директорының орынбасары Шарль Гепрат пен халықаралық қатынастар бөлімінің менеджері Сераж Саидтың жетекшілік еткен делегация Қазақстанның елордасына сапармен келді. Мамандар тобы Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаевамен кездесті. 

Кездесу нәтижесінде аталған институт пен Астана қаласы әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тараптар Тұжырымдама аясында қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, дәрі-дәрмектер терапиясы жүйесін жетілдіру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қолжеткізді, мерзімдер мен жауапты тұлғаларды, жыл соңына дейінгі жұмыс көлемін анықтады.

Ведомствоның хабарлауынша, Густав Русси атындағы Онкология институтының мамандары елордаға алғаш рет былтыр келген. 2012 жылы 9-12 желтоқсанда француз дәрігерлері Астана басшылығының шақыруымен келіп, онкологиялық науқастарға көмек көрсету жүйесімен танысқан болатын. Сапар қорытындысы бойынша делегация мүшелері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге және сауықтыруға қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес, стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде көмек көрсету жүйесін жақсарту жөнінде кеңестер берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109