6807

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

Қала дамуының міндеттері туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Елбасы тапсырмасымен Үкімет Астана қаласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар құрды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үй салу, жол-көліктік инфрақұрылымды және индустриялық аймақтарды қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру және қауіпсіздік бағытын дамыту бойынша жобалар іске асырылатын болады», – деді Асқар Мамин Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.

«Жалпылай алғанда, кешенді жоспар аясындағы іс-шараларды іске асыруға бес жыл ішінде 1,5 триллион теңге инвестиция құйылатын болады. 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Біздің мақсат – қаланы жайлы, қауіпсіз, ыңғайлы ету», – деді вице-премьер.

Спикер атап өткендей, жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – халық табысын ұлғайту, лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

«Біріншіден, тұрғындардың қолжетімді әрі сапалы баспанамен, біліммен және медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге қатысты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мемлекет басшысы коммуналдық қызмет тарифтерін, азық-түлік және дәрі-дәрмек бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Екіншіден, Астана әкімдігінің алдына жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы орта құру талаптары қойылған. Үшіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарын: көпбалалы аналар, мүгедектер, аз қамтылған отбасыларды қолдауда нақты шараларды жүзеге асыру», – деп түйіндеді сөзін А. Мамин.

Вице-премьер, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Астананы дамытудағы әлеуметтік-экономикалық өзекті міндеттерді шешуде  ықпал ететіндігін айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109