1877

Елордада «Astana Zdorovie 2013» денсаулық сақтау бойынша халықаралық көрме өтеді

Астанада 22-24 қазанда денсаулық сақтау бойынша «Astana Zdorovie 2013» 10-шы мерейтойлық қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Көрме» орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада 22-24 қазанда денсаулық сақтау бойынша «Astana Zdorovie 2013» 10-шы мерейтойлық қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Көрме» орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басты медициналық көрмеге зертханалық, диагностикалық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер, арнайы аспаптар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, киім-кешектер, ортопедия және реабилитация, оптика және офтальмология қондырғылары қойылады. Сонымен қатар, ауруханалар, медицина және стоматология орталықтары мен жедел жәрдем өз өнімдерін таныстыратын болады.

Айта кетейік, көрме 9 жылдан бері өткізіліп келеді. «Astana Zdorovie» көрмесі медицинаның алдына қойған өзекті міндеттерін ашық талқылау үшін дәрігерлерді, кәсіпкерлерді және саясаткерлерді біріктіретін бірыңғай коммуникативтік алаң болып табылады. Бұл медицина саласындағы айтулы оқиға.

Жыл сайын мыңдаған маман жаңа технологиялармен және жобалармен танысып, іскерлік әріптестік құрады, тәжірибелерімен бөліседі.

Бұдан басқа, көрме шеңберінде «AMF 2013» І Астана медициналық форум-конференция өткізу көзделген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109