2943

Кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

1944 жылдың 24 ақпанында түнде шешендер мен ингуштарды жаппай жер аударуға бағытталған «Чечевица» операциясы басталған болатын. Бұл – қос халық тарихындағы ең қайғылы беттер, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

75 жыл бұрын Қазақстан мыңдаған шешен мен ингуштардың жаңа Отанына айналды.

Достық үйінде Солтүстік кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылуы күніне орай  еске алу кеші өтті. «Вайнах» этномәдени орталығы сол күндердің азабын басынан кешірген адамдарды және олардың ұрпақтарын жинады. Мереке Ризашылық күні қарсаңында аталып өтіледі.

«1944 жылдың 22 ақпанында кешке радиодан шешендер мен ингуштарды туған жерінен көшіретіні туралы хабарлады. Жиналуға 30 минут уақыт берді. Бізді жазық далаға жеткізді. Бізді Ақмола облысындағы Ключи ауылына орналастырды. Біз орыстың диірменшісімен бірге тұрдық. Бас кезінде қиын болды, басқа жер, ауа райы да бөлек. Бастысы, бізге жергілікті халықтың қолдау білдіргендігінде», – дейді Ингуш мәдени орталығының төрағасы Султан Оздоев.

Еске алу кешіне ғылыми қайраткерлер, депутаттар, «Вайнах» орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен тарихи фотолар көрсетілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109