9627

Елордада жатақханалар бой көтеретін 15 жер учаскесі анықталды

Астанада 10 мыңнан астам студент жатақханаларда тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратынша, қазіргі таңда қаладағы жиырма жатақханада 10 702 студент тұрады.

«Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, жатақхана салу үшін 15 жер телімі анықталды. Олардың жалпы аумағы 18,6 га құрайды. Шамамен 19 628 орынға арналған. Көрсетілген 15 жер учаскелерінің 4-і – жоғары оқу орындарына тиесілі, 6-ы – мемлекеттік меншікте, 4-і – басқа жер пайдаланушыларға тиесілі, 1-і – жалға беріліп отыр. Жер телімдерін бөлу, белгіленген тәртіппен 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында жоспарланған», – делінген басқарма хабарламасында.

Аталған жер учаскелерінде жоспарлау жобаларын егжей-тегжейлі түзету белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Астана қаласының әкімдігі жоғары оқу орындарының басшылығымен бірлесіп ҚР Білім және ғылым министрлігі мен  қалалық әкімдіктің студенттер, магистранттар және докторанттар үшін жатақханалар салу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109