8221

Ботаникалық бақта ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтуде

Әсерлі қойылымға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сияқты елдердің «жауынгерлері» қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері елорданың Ботаникалық бағында тарихи ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтуде. Бағдарламада қамал жиындар, көрсетілімдік жекпе-жектер, қар бекініске шабуыл жасау, сондай-ақ фотосессия бар. Жұмсақ қарумен айқасу шарасына азаматтар өз қалауымен қатыса алды.

«Шара мақсаты – өткенге саяхат жасау арқылы тарихи шайқастарды, бейбіт өмірге қол жеткізудің бағасын көрсету. Біз жастарды өз елінің тарихын ғана емес, өзге мемлекеттердің де тарихын оқуға, зерттеуге шақырғымыз келеді. Біз осы шараны насихаттап, оны тұрақты түрде өткізуді қалаймыз», – деді Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Омаров.

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың аясында Есіл ауданы әкімінің аппараты мен «Temirtumen» клубы ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109