6334

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болып Аржан Бұғыбаев тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұғыбаев Аржан Мелісұлы 1971 жылдың 8 қазанында Алматы облысында дүниеге келді.

Ол – Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының, Назарбаев университетінің түлегі. Өз еңбек жолын 1996 жылы «Алматы колхоз құрылысы» АҚ-да құрылысшы ретінде бастаған болатын.

2000-2001 жылдар аралығында «Астананың халықаралық әуежайы» РМК бас инженерінің орынбасары қызметін атқарды.

2001-2002 жылдары – «Астананың халықаралық әуежайы» РМК-ның техникалық менеджері, материалдық-техникалық қамту бөлімінің басшысы.

2002-2005 жылдары – «Астананың халықаралық әуежайы» ЖАҚ ҚКД директоры.

2007-2008 жылдар аралығында жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары «Назарбаев университеті» автономды білім беру ұйымы департаментінің  директоры қызметін атқарды.

2010 жылдан 2013 жылға дейін «Назарбаев университеті» автономды білім беру ұйымы ҚКД директоры болды.

2013-2018 жылдар аралығында «Назарбаев университеті» білім беру ұйымында құрылыс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған болатын.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109