2086

Әр отбасы әлеуметтік реформалардың оң нәтижесін көретін болады

Елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары ең алдымен ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

«Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезі еліміздің әлеуметтік саясатына жаңа серпін берді.

Президент жаңа Үкімет мүшелеріне нақты әрі жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл бастамалардың партия съезінде көтерілуі кездейсоқтық емес, өйткені «Нұр Отан» партиясы халықтың партиясы екенін дәлелдеді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шараларды Үкімет қысқа мерзімде сапалы орындауы қажет. Бұл міндеттердің орындалуына қомақты қаржы бөлу тапсырылды. Міне, осы қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы үшін  партия мен қоғам тарапынан бақылау болуы тиіс. Сонда ғана Елбасының әлеуметтік бастамаларын аяғына дейін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады. Көп балалы отбасылардағы әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін көтеру тапсырылды. Бұл көптің көкейінде жүрген маңызы мәселе еді.

Бұған дейін мұғалімдердің жалақасын өсірді, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге еңбекақы 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсті. Енді Президент  1 шілдеден бастап барлық бюджет саласындағы жалақасы ең аз адамдардың жалақасын 30 пайызға, мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді  тапсырды. Бұл миллиондаған азаматтардың әл-ауқатына оң ықпал етеді деп білемін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109