5143

Назарбаев «Нұр Отан» съезінде қойылған міндеттерді тез арада іске асыруға кірісуді тапсырды

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінің басты тақырыбы болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Съезді ашқан Елбасы делегаттарды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығымен құттықтады.

«Сіздер 20 жылдың ішінде қандай жетістіктерге жеткенімізді білесіздер. Тәуелсіздігімізді нығайтып, әлемге танымал мықты мемлекет құрып, жаңа астанамызды салдық және оған мақтанышпен қараймыз», – деді Н. Назарбаев.

Съезде сөйлеген сөзінде Елбасы әлеуметтік бағытқа басымдық берді. Осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 30% көтеруді тапсырды.

Мемлекет басшысы жыл басынан базалық жалақы бір жарым есе өскенін атап өтті.

«Біз мұғалімдердің еңбегін 30%, өз біліктігін растағандарға тағы 50% - ға жоғарлатуға мүмкіндік берді. Нақтырақ айтқанда, осы санаттағы адамдардың кірістері едәуір көтерілген. Бұл бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қызмет ететін 1 млн адамның кірісін жоғарлатуға тікелей әсер етеді. Осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30% көтеруді тапсырамын», – деді Н. Назарбаев.

Одан бөлек, Президент денсаулық саласын дамытуға 120  млрд теңге бөлуді тапсырды.

«Еліміздегі әр азаматының көзі ашық, көкірегі ояу және денсаулығы мықты болуы тиіс. Азаматардың тұрған, тіркелген жеріне қарамастан сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау керек», – деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау шараларын күшейту керек. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға деген көмек барынша сезілуі шарт.

«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы аталған көмекті алуды барынша жеңілдету керектігін, ондай отбасылардың табысын есептегенде, басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет екендігін айтты.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы мүгедек балалары бар ата-аналарға берілетін жәрдемақыны 30% - ға көтеруді тапсырды. Оның сөзінше, бұл 100 мың отбасыға бағытталады. Сондай-ақ, атқарушы органдардағы төменгі жалақы – 25% артады. Мемлекет басшысы сондай-ақ, республикамыздың жол инфрақұрылымын дамытуға 350 млрд теңге бөлуді және моноқалаларды дамытуға алдағы 3 жылда 10 миллиардтан бөлуді тапсырды.

Сөз соныңда Елбасы Үкіметке және әкімдерге алға қойылған міндеттерді іске асыруға дереу кірісуді тапсырды.  

«Үкімет ауысып, оның құрамы 70%-ға жаңарғанын өздеріңіз білесіздер. Жаңа Үкіметке және әкімдерге алға қойылған міндеттерді іске асыруға дереу кірісуді тапсырамын.  Біз бір адамдай - мен, Үкімет, барлық өңірлердегі партия мүшелері бірлесіп, нақты іске кірісуіміз керек. Біз барлық күшімізді біріктіруге тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109