2079

Реформалар медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етуі тиіс

Елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Президенті әлеуметтік қолдауды күшейту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды ұсынды. Партияның жаңа бағдарламасына қатысты пікірімен «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Тимур Мұратов бөлісті.

- Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жоғары көңіл бөлініп, қолдау шаралары күшейтіледі. Мемлекет басшысы Үкіметке аз қамтылған азаматтарды көмекпен қамтуды кеңейту үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек үшін әр балаға көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге көлемінде ең төменгі төлем белгіленетін болады.

Мемлекет басшысы Білім және денсаулық сақтау саласындағы басымдықтарды атап өтті. Бірінші кезекте, педагогтардың біліктілігі артып,  өзекті бағдарламалар енгізілуі тиіс. Бірақ оқу орындары тиімділігінің басты өлшемі түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналған шығыстар денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 40-тан 60%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Жалпы жүргізілген реформалар стационарлық медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етуі тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109