Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі
Мереке жыл сайын 1 наурызда мерекеленеді. Мұндай мейрамды белгілеуді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Мемлекет басшысы жыл сайын 1 наурызда бір-біріне және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды өз бауырындай мейірімділікпен, қарсы алған қазақ халқына Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған болатын.
Алғыс айту күні – қайырымдылық пен достықтың, баршамызға ортақ тарихымызға деген құрмет көрсетуіміздің, бір-бірімізге деген көмек пен қолдау білдіруіміздің жарқын меркесі.
Қазақстанға жер аударылған кездегі естеліктерімен «Қазақстандық «Возрождение» немістер бірлестігінің» мүшесі Анатолий Житник бөлісті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz