Бақыт Сұлтанов астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Құрметті астана тұрғындары!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – бұл Қазақстанның заманауи тарихындағы ерекше күн. Бұл күні біз өткенімізге мақтанышпен қарап, халқымыздың рухани ерлігін сыйлай отырып, көзқарасымызды сенімді түрде өнегелі негіздерден тұратын болашаққа бағыттаймыз.
Қазақстан тарихы қазақ даласында мекендеген түрлі этнос өкілдерінің миллиондаған тағдырынан тұрады. Өткен жүзжылдықтың әр жылдары белгілі бір саяси себептермен Қазақстанға тұтас халық көшірілген болатын. Басқа елге келген, баспанасы мен өмір сүруге қаражаты болмаған қоныс аударушылар жазық даланың қатаң жағдайында құрып кетудің алдында болды. Осындай тарихтың қиын әрі қатыгез кезеңінде қазақ халқы әрбіреуін ұлты мен дініне қарамастан, қабылдап бауырына басты.
Алғыс айту күні – бұл барлық ұлт өкілдерінің бір-біріне және өз үйіне айналған қазақ даласына еркінен тыс көшірілген барлық адамдарға мейірімділік танытқан қазақ халқына деген құрмет пен алғысы. Cебебі қазақ елінің бастапқы құндылықтары кеңпейілділік, қонақжайлық және мейірімділік болып табылады.
Тарихымыз біздің есімізде және біз онымен мақтанамыз! Қазіргі заманауи сындарға қарамастан, қазақстандықтардың қайырымдылық пен өзара жәрдемдесу дәстүрлері біздің көпұлтты қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің кепілі болары анық, ал Алғыс айту күні қазақстандықтардың барлығына тән төзімділік, достық және өзара сыйластықтың мерекесі боларына сенімдімін.
Сіздерді және жақындарыңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге амандық, бейбітшілік және өзара түсіністік тілеймін!
Құрметпен,
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz