1455

«Қамал-4»ТК-дегі өрт: 25 адам құтқарылды

Өрт салдарынан екі ер адам, бір әйел және екі бала иісті газдан орташа деңгейде уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеше сағат кешкі 22:18-де «101»  Өрт сөндіру байланысының орталық пультіне  Бұхар жырау көшесінде орналасқан тұрғын үйде электроқалқанның жануы туралы хабар түсті. Оқиға орнына тез арада мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жөнелтілді.

Шақыру орнына жеткен кезде құтқарушылар 8 қабатты «Камал-4» тұрғын үй кешеніндегі пәтердің балконы мен жатын бөлмесінде жиһаз, оргтехника, киім-кешек сияқты заттардың жанып жатқанын анықтаған болатын. Өрт 15 шаршы метрді шарпыған.

«Түтін кіреберістің барлық қабаттарына таралып, тұрғындардың сыртқа шығу жолдарына кедергі келтіріп, адамдардың өміріне қауіп төндірген.

Өрт орнына келген  өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру кезекші қызметінің жалпы басшылығымен адамдарды құтқаруға кірісті.  Құтқару жұмыстарына автосатылар және Газ-түтінен қорғау қызметінің буындары жұмылдырылды», – делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.   

Жеке құрам жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің терезелерінен баспалдақтың көмегімен 25 адамды құтқарып алды. Құтқарылғандардың 10-ы – балалар.

Жалын сағат 22:46-та ауыздықталып, 22:58-де толықтай өшірілді.

Алдын ала болжамдарға сәйкес өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан шыққан.

Өрт салдарынан екі ер адам, бір әйел және екі бала иісті газдан орташа деңгейде уланып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 5 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 23 адамы жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109