3790

Елордада арнайы орнатылған датчиктер бір отбасының иіс газынан улануына жол бермеді

Төтенше жағдай «Көктал-2» тұрғын алабында орын алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 12:15-те «112» қызметіне жедел жәрдем станциясынан «Көктал-2» тұрғын алабында Ақмола көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын азаматтардың иіс газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Жедел жәрдемді сағат түнгі екіде шақырған әйелдің айтуына қарағанда, түтіннің тым көп көлеміне дыбыс шығаратын арнайы құрылғының көмегімен қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болған. Ұйқысынан оянған үш баланың анасы үйдің ішін желдетіп, қайтіп ұйықтауға жатқан екен. Таңертең ол екі баласын мектепке жіберіп, өзі 2009 жылы туған баласымен үйде қалады. Сәлден соң ол басының айналғанын, жүрегінің айнығанын сезген болатын», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Шамамен сағат 12:00-де жедел жәрдем бригадасы әйел мен оның баласын балалар ауруханасына жеткізді. Ауруханаға жатқызудың еш себебі болмаған соң, дәрігерлер оны баласымен үйіне жіберген. Бұдан кейін әйел ересектерге арналған ауруханаға барып, өз денсаулығын тексерген. Қазіргі таңда ана мен бала өз үйінде. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулығына ешқандай зиян келтірілмеген.

Еске салайық, арнайы датчиктерді аталмыш үйде Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасының мамандары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп ақпан айында жеке секторда жүргізілген рейд барысында орнатқан болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109