3412

Астана әкімдігінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу жолдары талқыланды

Дүйсенбі күні Астана әкімдігінде Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындыларына» қатысты болды.

«Үш жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаның негізгі бағыты тұрғындардың медициналық көмектің сапасына қанағаттану деңгейі 14,5%-ға артқан. Ол- сапаны көтеру және қолжетімділік бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі. 

2017 жылдың қорытындысы бойынша адамның өмір сүру ұзақтығы 76,2 жыл, 2015 жылмен салыстырғанда 1,4 жылға өскен (74,79). Қазіргі күні бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш»,  деді әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Н. Нұркеновтың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрғындар жасын ұзарту бойынша 2018 жылғы бағдарламасына сай Астана алдыңғы қатарда. Қабылданатын шаралардың арқасында елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Туу көрсеткіші өсіп, қанайналымы жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктен, жарақат, жазатайым оқиғалар мен уланудан болатын жалпы өлім-жітім төмендеген. 

Қала әкімі мынадай қомақты қаржыландыру бар жерде елорда үздіктердің қатарында болуы тиіс екендігін атап өтті. Одан ары, 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қала бюджетінің орындалуы және нысандарды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау барысы, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары талқыға алынды. 

Еске сала кетейік, бағдарламаның басты мақсаты - мұғалім мамандығының абыройын арттыру және білім сапасын жақсарт, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында оқушылар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, мәдениет және салауатты өмір салтын насихаттау.

Әкімнің сөзінше, арыз-шағым ішінде мектептердің шамадан тыс толық болуы да бар. Мысалы, №85, 31 мектептер мен №5 гимназияда аталмыш мәселе өзекті болып тұр.

«Әріптестер, біз жақсы көрсеткіштерге ұмтылып қана қоймай, сапа жағын да ойлауымыз қажет. Бұл тұрғындардың арыз-шағымдары жұмыстарыңызда кемшіліктердің бар екенін көрсетеді», деді қала әкімі.

Кеңес барысында Астана әкімі орынбасарларына инвестициялық жобалардың жүзеге асуын уақытылы қамтамасыз ету бойынша мәселені күн тәртібінде ұстауды тапсырды. 

«Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру осы жылы аяқталады. Алдымызда аз ғана уақыт қалды. Ал, бізге әлі біраз шаруаларды бітіру керек. Ең бастысы, бұлардың барлығы бүгінде басымдық беріліп отырған әлеуметтік салаға қатысты болып отыр», деді Б. Сұлтанов.

Қаланың жүйелі проблемалар рейтингісінде қазіргі уақытта  көш бастап тұрған мәселелердің бірі - қардың тазалануы. Қыс мезгілі басталғаннан бері қардың уақытылы тазаланбауы бойынша тұрғындардан 6 мың шағым келіпті. Оның ішінде ең көбі, яғни, 1707 шағым «Есіл» ауданына тиесілі, «Алматы» ауданынан 1569, «Сарыарқа» ауданынан 1198 және «Байқоңыр» ауданнынан 880 шағым түскен.

Бұдан әрі аудан әкімдері су тасқынына қарсы іс-шаралар барысы туралы, полиция департаментінің басшысы криминогенді жағдай бойынша қолданылып жатқан шаралар және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жөнінде есеп берді. 

Б. Сұлтановтың айтуынша, ақпан айы «әлеуметтік мәселелердің айы» болды.

«Осыған орай қала тұрғындарынан әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер өте көп түсуде. Тек осы жылдың басынан бері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша iKomek орталығына 163 арыз-шағым түскен. Ақпараттандыру жұмысын қолға алу керек, әр үлескер өзінің тұрғын үйі бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және қайда хабарласуы керектігін білуі тиіс», деді ол.

Бұдан әрі қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин Наурыз мерекесіне қаланы безендіру туралы баяндады. 

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі бірқатар тапсырма берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109