5760

Астана әкімдігі елорданы безендірудің бірыңғай стилін қалыптастырады

Қоғамдық даму істері басқармасы Астананы бірыңғай стильде безендіру бойынша жаңа тұжырымдаманы әзірлемек. Стиль Ұлы дала елордасының мен инновациялық шешімдерді тарту орталығының кейпін бейнелейді. Бұл туралы басқарма басшысы Данияр Есин мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуына қарағанда, жаңа дизайн-кодтарда барлық мемлекеттік бастамалар мен жобалардың өзегі ретіндегі Астананың рөлі көрсетіледі. Бұл ретте Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында атап көрсеткен қазақ халқының барлық дәстүрлері мен тарихи мұрасы ескеріледі.

Қаланы безендіру елорда тұрғындарымен орнатылатын байланыстың маңызды бөлігі болып табылып, қалалықтар үшін жасалатын жағдайға тікелей әсер ететіндіктен, қолданылатын материалдардың стилі мен сапасына ерекше мән беріледі.

Идеологическое наполнение, согласно разработанным дизайн-кодам, будет прослеживаться, начиная от схемы раскладки для покрытия тротуара, в ландшафтном освещении, вывесках, билбордах, торговых павильонах, общественных пространствах, и архитектуры в целом.

«Идеологиялық құрауыштар әзірленген дизайн-кодтарға сәйкес  жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды төсеу сызбасынан бастап, ландшафтты жарықта, маңдайшаларда, билбортарда, сауда павильондарында, қоғамдық орындарда айнасын табатын болады. Сонымен қатар, қолданылатын материалдар, түстер палитрасы мен орналасу нормалары қарастырылады», – деді Д.Есин.

Сонымен қатар, Есин алғашқы көктемгі мерекеге орай Астананың қалай безендірілетіні туралы айтып берді.

«2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғанын ескере отырып, 8 наурыз қарсаңында жарнамалық құрылымдарға орналастыру үшін біз кәсіби және қоғамдық қызмет саласында белгілі бір жетістіктері бар жас әйелдердің тізімін ұсындық», – деді Данияр Есин.

Кейіпкерлердің арасында қалалық қызмет, әлеуметтік сала, өнер және спорт саласының жұмысшы мамандықтардың иелері бар. Атап айтқанда, бұл: педагогтер, дәрігерлер, спортшылар, елорда театрының актрисалары, жас ғалымдар, еріктілер, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109