2286

№1 балалар ауруханасында балаларда сарыауруды анықтау диагностикасының инновациялық әдісі енгізілді

№1 балалар ауруханасында сарыауруға шалдыққан балаларда билирубин деңгейін инвазиялық емес (транскутантты) жолмен анықтау диагностикасының инновациялық әдісі енгізілді.

№1 балалар ауруханасында сарыауруға шалдыққан балаларда билирубин деңгейін инвазиялық емес (транскутантты) жолмен анықтау диагностикасының инновациялық әдісі енгізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Жаңа туған нәрестелердегі сарыауру туғанына 1 ай толмаған сәбилердің арасында кеңінен тараған. Патологиялық сарыауру деп ай-күні жеткен нәрестеде 14 күн, айы-күні жетілмеген нәрестелерде 21 күннен астам уақыт бойы қайтуға бет алмаған сарыаурудың сақталуын айтады, яғни «созылған сарыауру».

Бұдан әрі осындай кішкентай пациенттерде зертханалық диагностикалау проблема тудырады және осы типті ауруларды емдеу педиатриядағы ең қиын емдеу болып табылады.

Бұл аурудың диагностикасы зертханада тамырдан қан алу арқылы жүзеге асырылады.

Осы әдісті енгізудің арқасында №1 қалалық балалар ауруханасында билирубин деңгейін баладан талдауға қан алмай-ақ анықтауға мүмкіндік туды.

Ауруға шалдығу қаупі мен болжамын анықтайтын, қандағы билирубин деңгейінің диагностикасы алмалы-салмалы пластик ұшы бар арнайы аппаратпен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, билирубинді анықтаудың осы әдісі диагностика сапасын жақсартуға және талдауға қан алу кезіндегі ауырсынудың алдын алып, қажетсіз болып табылатын ауруханаға жатқызудан бас тартуға көмектеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109