2753

Астаналық өрт сөндірушілер ЖҚС-дағы жарылыстың бетін қайтарды

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-нің жеке құрамынан 14 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметінде мәлімдегендей, кеше орталық өрт сөндіру қызметінің «101» нөміріне Қорғалжын тасжолы, 6 мекен жайындағы «Синойл» ЖҚС-да өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға орнына бірден өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшелері жөнелтілген.

№ 3 МӨСБ келісімен ЖҚС аумағында «КIA Sportage» маркалы автокөлік жанып, жалын жанармай құю құралына ауысып жатқанын байқаған. № 3 МӨСБ кезекші өрт сөндіру қызметінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде өшірілді. Жақын жерде тұрған өзге де көліктер қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Астана қаласы ТЖД-нің хабарлауынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 14 маманы және 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109