1961

Дәрігерлер газ баллоны жарылысынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтты

Қазіргі кезде олардың жағдай ауыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жарылыстан зардап шеккен 1991 жылы және 1970 жылы туған азаматтар кеше №1 қалалық  ауруханаға жеткізілген. Ер және әйел азаматтардың денесін 50 және 70 пайыз термиялық күйік шалған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы Алексей Солодтың айтуынша,  науқастарда жоғарғы тыныс жолдарының термоингаляциялық зақымдануы анықталған.

«Қазіргі кезде науқастардың жағдайы ауыр, болжам жасауға ерте. Науқастардың өмірін аман алып қалу үшін барлық қажетті шаралар жасалып жатыр», - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше газ баллонының жарылуы нәтижесінде «МолПродуктсервис» ЖШС ғимаратының төбесі құлады. Оқыс оқиға орын алған жердің ауданы 300 шаршы метрді құрайды.

Жарылыс нәтижесінде 2-3 дәрежелі термиялық күйікпен зардап шеккен екі адамды   № 1 қалалық   аурухананың интенсивті терапия бөліміне жатқызды. 1979 жылы туған тағы да бір зардап шегуші ТОҒЗИ-на жеткізілді. Оның диагнозы анықталып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109