Әскерге шақыртылғандарды кез келген қала тұрғыны шығарып сала алады
«Әскерге бару – азаматтық парызым!» жастар акциясы 20 наурызда сағат 11:00-де «Астана» концерт залында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Дәл осы күні 27 астаналық бозбала Отан алдындағы борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарында өтеу үшін әскерге аттандырылады. Ал балаларды шығарып салуға келген қала тұрғындарын мерекелік көңіл-күй мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарының таныстырылымы күтеді», – деп мәлімдеді Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Президенттің Күзет қызметінің басшылығы, ҚР ҚК ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысады.
Концерттік залға кіреберісте қонақтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға арналған шағын көрме ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, әскерге шақырылушыларды іріктеу наурыз айында басталған болатын. Осы көктемде Астанадан 800-ден астам әскерге шақырылушы еліміздің әр түкпіріндегі Қарулы Күштер қатарында әскери қызметін атқару үшін аттанады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz