1663

Оразкүл Асанғазы: Астана – Елбасының басты жобасы

Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз де демократиялық мемлекетті құрудағы рөлі жайлы пікірімен бөлісті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

- Ол кісінің Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын танытудағы рөлі ұшан-теңіз. Еліміз бүгінгі таңда дамыған елдің қатарында. Н. Назарбаевтың бастамасымен еліміздің білімді деген жас азаматтары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде өз білімін шыңдай алады. Ал ең бастысы, елге тыныштық керек. Тұңғыш Президентіміздің арқасында  біз 100-ден астам этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бейбіт те тату өмір сүрудеміз. Мемлекеттік тілдің де мәртебесі осы жылдар ішінде едәуір көтерілді. Бүгінгі таңда қазақ тілді халықтың саны әлем бойынша 187-ші орыннан 70-ші орынға табан тіреді. Енді қазақ тілінің мәртебесін одан әрі көтереміз деп, өзіміздің төл әліпбиімізді қабылдадық. Жер көлемі бойынша әлемдегі 9-шы мемлекет – Ұлы даланың жол тораптары, теміржолдары, әуе жолдары дами түсті.  Мұның барлығы – Елбасының көрегендігінің белгісі, тікелей еңбегі. Оның еңбегін көрмеу мүмкін емес.  

Қазіргі заманғы Астана біздің егемен мемлекетіміздің нышан-айғағына, өз еліміздің экономикалық, саяси және мәдени  өмірінің орталығына айналды. Біздің елордамыз елдер мен конфессияларды өзара жақындастыра отырып, әлемдік ауқымда белсенді диалогтық алаңға айналды. Астана біздің мемлекетіміздің бейбітшілікті сүюші және жасампаздық саясатының, оның серпінді дамуы мен тұрақты болашағының, барша қазақстандық халықтың өзара түсініспеншілігі мен ынтымақтастығының көрінісі. Ол – Елбасының басты жобасы. Оны әрбір қазақстандық біледі. Бүгінгі ұсыныстың қабылданғаны дұрыс шешім деп ойлаймын.   

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109