Астанада Қазақстан астанасының атын өзгертуді қолдауға арналған акция іске қосылды
Бастама барлық қазақстандықтарды Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту идеясын қолдауға шақыруға бағытталған, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің ресми сайты.
Әлеуметтік желілерде жоба #БіздіңастанамызНұрСұлтан, #НашастолицаНұрСұлтан xэштегтері белең алған.
Акцияға қатысу үшін
1. Астананың фотосын орналастыру.
2. Сіз акцияны не үшін қолдайтыныңыз туралы қысқаша пікір жазу.
3. # БіздіңастанамызНұрСұлтан, #НашастолицаНұрСұлтан xэштегтерін орналастыру.
– Астана елорда мәртебесін алған сәттен бастап біздің еліміз үшін әрқашан ерекше қала болды. Онымен маңызды саяси шешімдер, батыл бастамалар мен жетістіктер байланысты. 20 жыл ішінде ол Елбасының стратегиялық шешімдерінің векторы бойынша нық қадам басып, барлық үздік әрі құнды нәрселерді өзіне алды. Қазір атауын өзгерте отырып, ол өзінің ішкі мазмұнын тағы да үлкен мағынаға бөлейді, – деп жазды Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин әлеуметтік желідегі парақшасына.
"Біздің" – біздің, "Астана" – елордамыз, "Нұр" - жарқын, "Сұлтан" – билеуші. Қазақ халқы үшін бұл сөздер терең әрі киелі мағынаға толы. Мен флешмобты қолдаймын, өйткені Қазақстан астанасының жаңа атауы терең тарихи із бен күшті ішкі мазмұннан тұрады деп есептеймін, ол біздің елордамыздың дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын", - деп атап өтті Д.Есин.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz