3415

Елордада "Әскерге бару - парызым" атты науқан өтті

«Астана» концерт залында «Әскерге бару – азаматтық парызым!» көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға арналған дәстүрлі науқан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Науқанға қорғаныс істері департаменті мен қалалық әкімдік мұрындық болды. 000 астам әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысып, өздері үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның куәгері болып қайтты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде астаналық әскерге шақыртылған жастар үшін әскери оркестр өнерін көрсетті, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған шағын көрме ұйымдастырылды.

Әскерге шақыртылған жастар алдында ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және ҰОС ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің армиямыз күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығының артқанын атап өтті. 

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы өсиетін айтты.

Әскер түрлері мен тектерінің өкілдері жас жауынгерлерге әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынып, мерекелік бағдарламаны тарту етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109