4506

Сарыарқа аудандық сотында халыққа қызмет көрсететін фронт-кеңсе ашылды

Енді сот кеңсесі ашық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» бірлескен жобасы аясында ашылған Сарыарқа аудандық сотының жаңа фронт-кеңсесіне барды.

Енді сот кеңсесі ашық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді.

«Бұрын мұнда адамдар құжат тапсыратын бір ғана терезе болды. Енді біз ашық кеңістік, ыңғайлы күту аймағын жасадық. Сотта алғаш рет азаматтардың сұрақтарына жауап беретін кеңесшілермен ресепшен тағаны пайда болды», - деді Сарыарқа сотының төрағасы Арман Жүкенов.

Фронт-кеңседе адвокаттар мен медиаторлардың кабинеттері жұмыс істейді. Сот төрағасының айтуынша, адвокаттың кеңесін тегін алуға болады. Сонымен қатар, сот ісімен еш кедергісіз танысып, қажетті беттерді сканерлеуге болатын «ақпараттық кабинет» ашылды.

Анықтамалық ақпаратты, байланыс телефондарын, өтініштер мен басқа да құжаттардың үлгілерін смартфонға QR-код арқылы көшіріп алуға болады.  Залда Wi-Fi жұмыс істейді, гаджеттерді зарядтауға арналған орын бар.

«Бұрын біз планшет, гаджеттермен процестерге кіруге жол бермедік, ал қазір рұқсат етілген. Жоғарғы Сот қолдауына сәйкес, адамдар телефон және басқа да гаджеттермен сот процестеріне еркін кіре алады. Сонымен қатар, біз құрылғыны зарядтауға мүмкіндік береміз» - дейді сот төрағасы.

Сондай-ақ, алғаш рет соттарда электронды кезек енгізілді. Кезек сот қызметтерінің түрлері бойынша реттеледі. Сот отырысына тараптарды шақыру автоматтандырылған.

Барлық залдарда судья, хатшы, тараптар және прокурор үшін автоматтандырылған жұмыс орындары енгізілді. Бұл азаматтық істерді электронды форматта қарауға мүмкіндік береді. Мобильді бейнеконференция залдарын енгізу сот төрелігі үдерісін ұтқыр етіп жасады. Тараптар үйде немесе жұмыста бола отырып, сотқа онлайн қатыса алады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109