3630

Биыл қандай мәдениет нысандары қалпына келтіріледі?

Бірден жеті мәдениет нысанын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі», «Бөгенбай батыр», «Астана жұлдызы», «Қазақ елі», «Әлия Молдағұлова» нысандарын жөндеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Жастар» театры,  «Қазақ елі» монументі ғимаратын жөндеу жоспарлануда.

«Жастар» театрының ғимараты 1954 жылы салынған. Жөндеу жұмыстары 2014, 2018 жылдары жүргізілді, бірақ ғимараттың 65 жыл бұрын тұрғызылғанын ескерсек, театрдың жертөле қабаты, инженерлік желілері мен  қасбеті жөндеуді қажет ететіні анық», – деді мәслихаттың кезекті сессиясында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасына келетін болсақ, оның айтуынша, жерасты өткелін (тоннель бөлігін) салу кезінде құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Атап айтқанда, нашар гидрооқшаулау, арка алаңының жол төсеміне сапасыз жанасқан, жол жабынының шарттары сақталмаған, соның салдарынан жерасты өткеліне кіреберістен еріген су мен жаңбыр ағады. 2015-2016 жылдары жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары айтылған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік бермеді.

«Осы мақсатта жол төсемі мен арка аумағын ашып, жылумен қамтамасыз ету, су мен кәріз құбырын жүргізу, арка ішіне санитарлық тораптар орнату, жерасты өткелін жылыту, сондай-ақ жылжымалы есіктер орнату қажет», – деді Нұркенов.

«Қазақ елі» монументінде көктемде және күзде жаңбыр суы стеланың ішіне құйылады. Су бұру құбыры кәріз жүйесіне қосылмай, су деңгейінен жоғары орналасқан, оны нөсер кәрізіне қосу қажет. Айта кетейік, өткен жылы нөсер кәрізіне қатысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленген болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109