9100

Елордадағы Триумфальды аркаға жөндеуге қажет емес

Арка астынан жүретін жолды жаңғырту үшін бюджеттік қаражат пайдаланылмайды, деп хабарлайды қала әкімдінің ресми сайты.

Бүгін әкімшілікте өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, мәслихат сессиясында елорданың мәдениет нысандарының жұмыс істеуі туралы әңгіме барысында Триумфальды арканы қалпына келтіру немесе күрделі жөндеу туралы әңгіме болмағаның айтты. Оның сөзінше, әңгіме тек жерасты жолы туралы болған.

«Мәңгілік ел» триумфалды арканы тапсырғалы бері оның жұмысында еш кінәрат жоқ. Арканы күрделі жөндеу туралы әңгіме болған емес. Біз қала әкімінің тапсырмасы бойынша сол аудандағы жер асты суларының жай-күйін зерттеу үшін жұмыс тобын құруды жоспарлап отырмыз», деді Н. Нұркенов.

Ол сонымен қатар, жерасты жолын гидрооқшаулау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Жергілікті бюджеттен ақша сұрауға қатысты сұрақтар болған емес. Керісінше, проблема болса, біз жеке бизнесті тартамыз, яғни бюджеттік қаражатты арка жөндеуге немесе оның жерасты жолына жұмсамаймыз. Триумфалды арканың жерасты жолы қазір ашық. Біз оны көгалдандыруды, жылытуды және іскерлік мүмкіндіктер үшін қолдануды қалаймыз. Біз биылғы жылы осылай істегіміз келеді», деді ол.

Сонымен қатар, әкімдік Триумфалды арканың функционалды маңыздылығын арттыруды көздейді.

«Егер қазір онда мұражай, бақылау палубасы болса. Біз жеке инвесторларды тарта отырып имидждік өнімдерді, кәдесыйларды сататын сауда орындарын құрғымыз келеді», деді Нұркенов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109