2025

iКомек орталығы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Елордалық бірыңғай байланыс орталығы Мәскеудегі халықаралық байқауда «Хрусталь гарнитураның» иегері атанды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

iКомек орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, CCG Call Center Awards Хрусталь Гарнитура финалистерін марапаттау рәсімі 20 наурызда өткен болатын.

««Хрусталь гарнитура» – ТМД елдері арасында байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы ең үздіктерді анықтайтын халықаралық бағдарлама.  Бұл – табысты тәжірибені зерттеу және кәсіби қауымдастықтың жетістікті мойындауына қол жеткізудің Байланыс орталықтары индустриясындағы ең ауқымды қозғалыс», – делінген хабарламада.

Байқауға, сондай-ақ, AVON, Beeline Қырғызстан, DHL Express, DHL Express Kazakhstan, Tele2, АЛЬФА-БАНК, Банк ВТБ, Газпромнефть-Центр, Почта Банк, РОСБАНК, Ростелеком, Сбербанк, Яндекс.Деньги және басқа да компаниялардың байланыс орталықтары қатысты.

2018/2019 жылғы маусым байқау тарихындағы номинанттар санының рекордын орнатты. Биыл оған қатысуға 360 өтінім келіп түскен.

Қазақстанның елордалық әкімдігінің калалық iКомек 109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы «Хрусталь гарнитура» тұжырымы бойынша «Үздік байланыс орталықтарын құру/біріктіру жобасы» аталымында жеңімпаз атанды. Аталмыш корпоративтік аталымда астаналық орталықтан басқа Почта Банк, Банк ВТБ компанияларының жетекші байланыс орталықтары және Calltrafic компаниясы бақ таластырды.

««Бұл марапат – бүкіл команданың 2018 жылғы жұмысының нәтижесі.Қатысушылар арасында біз Қазақстанның жалғыз өкілі болдық. Бизнес саласындағы байланыс орталықтары арасында жеңгенімізге екі есе қуаныштымыз», – дейді «iKomek109» орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKомек 109 бірыңғай байланыс орталығы  2018 жылдың басынан бері жұмыс істеуде. Өткен жылы орталық қала тұрғындарынан миллионнан астам өтінішті қабылдаған болатын.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109