1488

Ана – тіршіліктің тірегі

Ана – тіршілік атаулының бастауы. Саналы ұрпақ пен сауатты қоғамның тәрбиеленуі де ақ жаулығы желбіреген аналарымызға байланысты. 8-наурыздың алғашқы сағаттарында ана атанып, сүйінші сұрағандар аз болмады. Әзірге қаладағы бір ғана Перинаталды орталықта 2 ұл, 4 қыз бала дүниеге келген. Өз туғандарын жақсы жаңалықпен қуантқандардың бірі – Нұргүл Базарбаева.

Ана – тіршілік атаулының бастауы. Саналы ұрпақ пен сауатты қоғамның тәрбиеленуі де ақ жаулығы желбіреген аналарымызға байланысты. 8-наурыздың алғашқы сағаттарында ана атанып, сүйінші сұрағандар аз болмады. Әзірге қаладағы бір ғана Перинаталды орталықта 2 ұл, 4 қыз бала дүниеге келген.

Нұргүл Базарбаева, Астана қаласының тұрғыны:

Мен түнгі сағат 4.25-те қыз босандым. Өте қуаныштымын. Салмағы 3.700 болды. Мен бірінші баламды да осы перинаталды орталықта босанғанмын. Дәрігерлер өте тамаша қарайды, күтім жасайды.

Өз туғандарын жақсы жаңалықпен қуантқандардың бірі – Нұргүл Базарбаева. Бұл Нұргүлдің екінші перзенті. Қазір ана мен баланың денсаулығы қалыпты. Перинаталды орталық қызметкерлері қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы атынан әрбір ананы құттықтап, балаларға арналған жиынтық пен «Қуан, сәби» атты оқу құралын табыс етті. Мұндай тосын сыйға риза болған аналар алғыстарын білдірді. Еске салайық, Астанада көктемнің алғашқы аптасында (1-6 наурызда) 397 бала дүниеге келді. Оның ішінде 214 ұл, 183 қыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109