1601

Астанада Литвалық медицина қызметкерлері акушерлік және гинекология бойынша шеберлік сыныбын өткізді

Литваның жетекші мамандары акушерлік және гинекология саласында елордалық мамандармен тәжірибе алмасты. Қалалық перзентханада Дағдарыстарды зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен «Тиімді акушерлік және неонаталды көмек» атты шеберлік сыныбы өткізілді.

Литваның жетекші мамандары акушерлік және гинекология саласында елордалық мамандармен тәжірибе алмасты. Қалалық перзентханада Дағдарыстарды зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен «Тиімді акушерлік және неонаталды көмек» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Шара барысында мамандар тиімді акушерлік және перинаталды көмек жөнінде дәрістер оқып, кәсіби құзіреттілік пен командалық жұмыс машықтарын қалыптастыру бағытында практикалық сабақтар өткізді. Практикалық машықтарды меңгеру үшін манекендер қолданылды, сондай-ақ, науқастарды бірге аралап, практикалық жұмыстарға және клиникалық жағдайларға талдау жүргізілді.

Шеберлік сыныбына қатысу үшін Литвадан үш дәрігер келді: акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог және дәрігер педиатр, сонымен қатар, «Қазіргі заманғы мамандандырылған акушерлік көмек» және «Қазіргі заманғы бастапқы және акушерлік көмек» курстарының нұсқаушысы мен аға медбике, жаңа туған сәбилерді реанимациялауға үйрететін нұсқаушы.

Айта кетейік, шеберлік сыныбына елордалық босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін 36 мекеме қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109