Нұр-Сұлтанның ҚХА-сы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдайды
Мемлекет басшысы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы қазақстандықтарға үндеу жолдады. Нұр-Сұлтанның ҚХА-сы төрағасының орынбасары Дмитрий Останкович кезектен тыс сайлау туралы пікірімен бөлісті.
«Елорданың 22 этномәдени бірлестігін біріктіретін Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 9 маусымында мерзімнен бұрын сайлау өткізуге қатысты бастамасын қолдайды.
Билікті транзиттеу жағдайында біздің басты міндетіміз – мемлекеттілігіміздің сақталуы мен өркендеуі. Осыған байланысты Ж.Тоқаевқа Президент өкілеттіктерін беру Елбасының ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған ақылды шешімі болды.
Қазіргі жағдайда президенттік сайлау циклын созбау идеясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне толығымен назар аударуға мүмкіндік беретініне сенеміз. Осыған байланысты еліміздің демократиялық құндылықтарға деген ұмтылысы, билікті өзгертудің ашық процедуралары туралы бүкіл халықаралық қоғамдастыққа көрсетеміз.
Біз мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы идеяны қоғамның барлық әлеуметтік және саяси күштері қолдайтынына сенімдіміз», – деді ол.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz