1443

Елордалық 28 медицина қызметкер литвалық дәрігерлерден білім алды

Елордалық 28 медицина қызметкері литвалық дәрігерлерден білім алғаны туралы сертификат алды. Бұл туралы №2 балалар ауруханасында шетелдік мамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. 7-11 сәуір аралығында №2 қалалық балалар ауруханасында шеберлік сыныптары өткізілді.

Елордалық 28 медицина қызметкері литвалық дәрігерлерден білім алғаны туралы сертификат алды. Бұл туралы №2 балалар ауруханасында шетелдік мамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Баспасөз мәслихаты барысында 28 елордалық дәрігерге Вильнюс университеті ауруханаларының Сантаришский клиникасының жоғары сыныпты дәрігерлерінен білім алғаны туралы сертификаттар табысталды.

Қазақстандық медицина қызметкерлері меңгерген бағдарлама жұмыс орнында тәлімгерлік көрсету арқылы Астана қаласында педиатриялық қызметті дамытуға бағытталған.

7-11 сәуір аралығында №2 қалалық балалар ауруханасында шеберлік сыныптары өткізілді. Шара аясында нейрохирургия, комбустиология, оңалту, травматология және ортопедия бөлімдерінде балаларға 15 астам операция жасалып, дәрістер оқылды, практикалық сабақтар ұйымдастырылды, кеңестер берілді.

«Біз педиатриялық қызметтің сапасын жақсарту үшін балаларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мамандарды оқыту бағдарламасын қолға алдық. Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді оқытуға қаржы бөлді. Олар менторлық бағдарламалар бойынша орналастырылды, яғни біз шетелдік үздік университеттермен келістік, осы университеттердің мамандарының келуін тәжірибеге енгіздік. Мамандардан, дәрігерлерден, медбикелерден, реаниматологтардан, анестезиологтардан құралған бригадалар осы жерде, жұмыс орнында біздің мамандарды оқытады», - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Елордалық дәрігерлердің пікірінше, балалар жарақаттануында халықаралық заманауи емдеу хаттамаларын енгізу заманауи жабдықтау және білікті кадрларды даярлау Астана қаласында балаларға көрсетілетін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, 2013 жылы №2 қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне әр түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен 25 мыңнан астам бала жеткізілген. Олардың көпшілігіне травматологиялық пункт деңгейінде көмек көрсетілді - 85%, 3 мыңнан астам операция жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109