Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы - халықтың еркі
Мемлекет басшысы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы қазақстандықтарға үндеу жолдады. «Қазақстан украиндары радасының» республикалық жастар қанатының көшбасшысы, «Оберег Украиндықтардың қоғамы» қоғамдық ұйымының жастар қанатының жетекшісі Анастасия Тимошенко-Боровикова сайлау туралы өз пікірімен бөлісті.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеу барысында Мемлекет басшысы 2019 жылғы 9 маусымды Қазақстан Республикасы президентін сайлау күні деп белгіледі. Бұл – біздің еліміздің дұрыс саяси жолын растайтын уақытылы шешім.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында біздің ортақ міндетіміз – мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау, экономикалық және саяси билікті нығайту.
Елбасының дана саясатының арқасында біз әлемдік деңгейде еркін бәсекелесетін беделді мемлекет құрдық. Әлеуметтік бағдарламалар мен Елбасы стратегиясын тиімді, табысты іске асыру жөніндегі жұмыс жаңа күшпен жүзеге асырылады.
Этносаралық және конфессияаралық келісу саясаты қазақстандықтардың бірлікте жаңа болашақты таңдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы – тұрақтылық пен гүлдену жолына қойылған халықтың еркі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz