Бақдәулет Жанділдаев: Мемлекет басшысын таңдау – кезек күттірмейтін мәселе
Мемлекет басшысы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы қазақстандықтарға үндеу жолдады. «Жас Отан» жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы Бақдәулет Жанділдаев ҚР Президентін сайлауға қатысты пікірімен бөлісті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде 9 маусымда елімізде кезектен тыс сайлау өтетінін айтты. Сенімділік пен тұрақтылықтың символына айналған мемлекетіміз әлемдік саясатта өзін ары қарай да осы бағытта көрсетуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан үшін ел басшысын таңдау өте маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе деп есептеймін. Сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында алға қойған мақсаттарын үлкен сенімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, халқымыз бұл сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарап, лайықты үміткерге дауыс беретініне сенемін».
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz