Елордалық перзентханада Ашық есік күні болып өтті
Бүгін елордалық перзентханада аналар мен сәбилерге арналған
Ашық есік күні болып өтті. Акция сағат 15:00 дейін жалғасты, перзентхананың
жетекші мамандары консультациялар берді.
«Ашық есік күні аясында аналар жүктілік, босануға дайындық, перинаталдық ахуал мәселелері бойынша мәліметтер мен кеңестер алды. Дәрігерлер жүктіліктің, босанудың қалай өтетінін түсіндіріп, босануға көмектесетін серіктерді даярлады, орын алуы мүмкін асқыну жағдайларына, жалпы айтқанда, бала тууға қатысты бүкіл ақпаратқа тоқталды. Сонымен қатар, бүгін босанудан кейінгі патронаж өткізілді, яғни, аналарға кеңес берумен қатар, сәбилер де тексерілді», - деді astana.kz сайтына бас дәрігердің орынбасары Халида Шәріпова.
Айта кетейік, перзентхананың консультациялық-диагностикалық бөлімі қалалық емханалармен өзара тығыз әрекет етеді. Үстіміздегі жылдың І тоқсанында қалалық емханалардың антенаталдық бақылауының екінші кезеңінде жоғары қауіп-қатер тобына жатқызылған 629 жүкті әйел анықталды. Бұдан басқа, қалалық перзентханада ауыр халде жеткізілген 9 әйел дағдарыстық жағдайдан шығарылды. Босанғаннан кейінгі психологиялық жағдайды бағалау, психологиялық ауытқушылықтар анықталған жағдайда оларға көмек көрсету мақсатында психологтармен жұмыста сабақтастық орнатылды. І тоқсанда 1663 жаңа босанған әйел психологиялық тесттен өтті.
Айта кетейік, стационарға Балалар ауруларын интеграциялық жүргізу жөніндегі ДДҰ бағдарламасы енгізілді, сондай-ақ, жаңа босанған жас аналарға сәбилерді емізуге, оларды бағып-күтуге, жергөкке орауға үйрететін, екпе жасау мерзімдерімен, босанғаннан кейін аурулардың алдын алумен таныстыратын «Жас ана мектебі» жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда бала туу көрсеткіші саны 14% (2011 жылы - 6006, 2012 жылы - 7554, 2013 жылы -6839) артты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz