Елордада салық кешіріміне қатысты шаралар жалғасуда
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (әрі қарай- МКБ) Елбасының бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырғанын еске салады.
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша МКБ-да салықтық амнистияға негізгі қарызын өтеген жағдайда 4795 салық төлеуші іліне алады. Салықтық амнистияға жататын жалпы өсімпұл соммасы 857,2 млн теңге, айыппұл- 240 млн теңге.
Бүгінгі таңда басқармада негізгі салықтық берешегін өтеген 649 салық төлеушінің жалпы соммасы 12,7 млн теңге өсімпұл кешірілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz