Nur Otan партиясы қалалық филиалы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Алдағы президент сайлауы аясындағы этномәдени бірлестік тақырыбы іс-шараның негізгі арқауы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сейсенбі күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ, қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Спикерлер алдағы Қазақстан Президенті сайлауына қатысты мәселелерді талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар азаматтарды алдағы сайлауға атсалысуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бүгінгі таңда қалалық ҚХА жанынан бес қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді біріктіру және оларды дамыту мақсатында шоғырландыру.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz