2032

Елордада «Айбын-2019» жиындарына қатысушыларды іріктеу басталды

Нұр-сұлтан қаласында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін астаналық жастар құрамасына іріктеу кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша аталған жиын маусым айында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында (Қарағанды облысы) өтеді. Оған Қазақстанның барлық түкпірінен, сонымен қатар таяу шетелден келген әскери-патриоттық клубтардың үздік өкілдері, әскери мектеп курсанттары, жоғарғы оқу орындары мен  колледждерінің студенттері қатысады. 

Қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, әскерилендірілген эстафетадан, «IQazaqstan» интеллектуалдық ойынында, «Meniń robotym» және «Aibyn daỳysy» сайыстарында, сонымен қатар, әскери-далалық тактикалық ойынында бақ таластыратын болады.

«Мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің дамуына, халықаралық достықты нығайтуға және жастарды ұлттар арасындағы келісім рухында тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді. Біз бүгін әрбір қатысушының осы жиынға барғысы келетінін көріп, қуанып тұрмыз. Ең күшті, ең шапшаң, ең алғыр және ең талантты қатысушыларды іріктеп аламыз. Себебі, біздің басты мақсатымыз – жеңіске жету», – дейді іріктеу кезеңінің ұйымдастырушысы майор Арман Серіков.

Еске салайық, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны алғаш рет 2015 жылы Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының полигонында өткізілген болатын. Жиынға 800 астам адам қатысты. Олардың арасында еліміздің 16 өңірінің әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, 8 республикалық мектеп-интернаттың шәкірттері, «Арыстан» лицейі және «Жас Ұлан» республикалық мектептерінің оқушылары, 25 жоғарғы оқу орнының әскери кафедраларының курсанттары бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109