2130

Елордада «Елбасы және Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Жастар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік институтының тарихын талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Қазақ технологиялар және бизнес университетінде дөңгелек үстел өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, университеттің көшбасшылары мен оқытушылары, қаланың қоғамдық әлеуметтік дамуының өкілдері, сондай-ақ студенттер мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Іс-шараны «Астана жастары» ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жиынға қатысушылар тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс таңдағанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікті бекіткеннен кейінгі дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуінде Көшбасшының тарихи таңдауын анықтаған маңызды межелер бар екендігін атап өтті.

«Кез келген мемлекеттің бірегей тарихы бар. Қазақ елі мемлекеттігінің бірегейлігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ұштасады. Көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық қызметінсіз республиканы көзге елестету мүмкін де емес. Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр», – Геннадий Шиповских.

«Астана жастары» ресурстық орталығының қызметкері Арайлым Сапарәлі жастар атынан сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.                   

«Бүгінгі іс-шарада жастар еліміздің тарихын, өз тарихымызды есіне түсіріп, болашаққа батыл және нық қадам жасауға серпін алды деген ойдамын. Елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына мүмкіндік беретін саясатты жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетуде бірінші кезекте халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажеттілігін тарих парақтары әлдеқашан дәлелдеген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай тұлға болды, алдағы уақытта да қажет. Сондықтан да Елбасы, Ел тәуелсіздігі, Ел ертеңі ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз парыз етіледі. Бұл біздің, ұрпақтарымыздың болашағы үшін қажет», – деп толықтырды А. Сапарәлі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109