3377

Елорда әкімі Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады

Ел астанасының әкімі Бақыт Сұлтанов Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулебамен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында елші мырза соңғы жылдары елордада орын алған өзгерістерді атап өтті.

«Біз осы қалада жұмыс істеп жатқанымызды бағалаймыз. 2003 жылы мен сіздің қалаңызда болып, Қазақстан Президентімен кездестім. Оның маған қандай нысанның қай жерде салынатынын макетте көрсеткені есімде. Ал бүгін мен кезінде макетін көрген ғимараттарды қызықтаудамын», – деп бөлісті әсерімен Украина елшісі.

«Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуда. Сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ведомстволар арасындағы және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық сындарлы болып табылады. Тараптардың ұстанымы заманауи халықаралық қатынастарға қатысты сұрақтардың көбісі бойынша сәйкес келеді»,– деді Бақыт Сұлтанов.

Украина елшісі елорда әкімін мемлекеттер арасындағы мәдени және білім беру саласындағы өзара байланыстың дамуы жөнінде хабардар етті.Тараптар Қазақсатнның саяси және экономикалық тұрғыда дамуындағы украиналық диаспораның жоғары белсенділігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Киевтегі мәдени күндері мен Украинаның Нұр-Сұлтандағы мәдени күндері сияқты ресми іс-шараларды өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан астанасында Тарас Шевченконың құрметіне ескерткіш орнату мүмкідігіне қатысты мәселе қаралды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109