1832

«Қазақстан» спорт сарайы күрделі жөндеуден өтеді

Спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары 2001 жылы пайдалануға берілген сәттен алғаш рет жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан» СК қызметін уақытша тоқтатуы туралы «Astana «ӘКК» АҚ хабарлады.

«Нысанға келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан» спорт сарайының қызметін ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін және бассейн аймағының қалпына келтірілгеніне дейін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді «Astana» ӘКК-те.

Бұл шара 2019 жылдың 11 сәуірінде күшіне енді. Бассейн аймағын қайта құру және қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстар аяқталғанға дейін әрекет ететін болады.

«Кешенді бұзу және оның мақсатты пайдаланылуын өзгерту туралы қауесет негізсіз. Қала тұрғындарын жеке азаматтар тарапынан түсетін арандатушылық әрекеттерге сенбеуді сұраймыз», – делінген компанияның хабарламасында.

Күрделі жөндеу туралы шешім ғимараттың көтергіш құрылымдары мен тораптарын, сондай-ақ, нысанның техникалық жабдықтарын кешенді техникалық тексеруден кейін қабылданды.

Техникалық тексеру нәтижелері бойынша, нысандағы бассейн конструкциясының апатты жағдайда екенгдігі белгілі болды, зерттеу нәтижелері бассейн қабырғаларының салмақ көтеру қабілеті мен пайдалану жарамдылығының айтарлықтай төмендегенін айқындайды.

«Құрылысты монтаждау технологиясының бұзылуынан туындаған жекелеген конструктивтік бөліктер мен элементтердің бастапқы сенімділігін төмендету нәтижесінде, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың орындалмауынан, іргетастардың, қаңқаның және ғимараттың қоршау конструкцияларының техникалық жай-күйі тұтастай алғанда III санат бойынша бағаланды (жұмысқа қабілетті конструкция шектеулі)», – деп хабарлады ӘКК баспасөз қызметінде.

Техникалық қорытындыда көтергіш металл конструкциялардың едәуір коррозиялық деформациялары, қасбеттің қаптамасының қатты тозуы байқалды. Фермалардың жекелеген элементтерінің деформациясына, металл беттерінің тотығуға қарсы қорғанысының қатпарлануына, металлдың коррозиясына, дәнекерлеу тігістерінде жарықтардың пайда болуына және шатырдың ағуына байланысты III санат бойынша бағаланады (жұмысқа қабілетті конструкция шектелген), бұл келушілердің қауіпсіздігін тиісті деңгейін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Бассейндер тостағандарының металл конструкциялары мен темір бетон конструкциялары жөндеуді қажет етеді және IV санат бойынша бағаланады (апат алдындағы жағдай).

«Қазақстан» СК 2001 жылы пайдалануға берілді. Сол уақыттан бері ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109